Жұма, 26 сәуiр, 12:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Германияда жаңа канцлер

21.12.2021

1140 0

16 жыл Германияны басқарған Ангела Меркель елдегі кезекті сайлауда сынға түсуден бас тартып, ел жаңа басшыны сайлады. Енді Германияның жаңа канцлері болып Олаф Шольц тағайындалды. Меркельдің билігі кезінде вице-канцлер болған Олаф Шольф сәрсенбіде экс-канцлерге алғысын білдіріп, билікке келді. Ескі басшының кетіп, жаңа канцлердің тағайындалуы жайлы ВВС арнасында Катя Адлердің «Олаф Шольц канцлер ретінде Меркельді алмастырды» атты мақаласы жарияланды.

Мақалада 31 жыл билікте қызмет етіп, өз еркімен сайлаудан бас тартқан Меркельдің жаңа басшыға сәттілік тілеп, іске аса құлшыныспен кіруді ұсынғаны туралы жазылған.

63 жастағы Шольц Меркель үкіметі кезінде вице-канцлер ретінде маңызды рөл атқарғандықтан, социал-демократтарды қыркүйектің соңында сайлауда жеңіске жетіп, өзін кандидат ретінде көрсете білді. Бундестаг оны канцлер ретінде 395 дауыспен қолдап, президент Франк-Вальтер Штайнмайер оны ресми түрде тоғызыншы федералды канцлер етіп тағайындады.

Кейінірек Бундестаг басшысы Бербель Бас одан тағайындауға келісім сұрап, жаңа канцлер сенімді түрде билікке келуге дайын екенін жеткізді. Содан соң Олаф Шольц салтанатты түрде ант беріп, бұған дейінгі басшы секілді «Құдайдан көмек сұрамады». «Жаратқаннан көмек сұрамауы» көпшіліктің назарына ие болып, жұрт оны «діннен алыстау» деп пайымдады.

Сайлаудан кейін Шольц партиясы Жасылдар және Еркін демократтармен коалициялық келісім туралы шарт жасасып, сейсенбіде қол қойылды. Сәрсенбі күні 16 министрдің барлығы ант беріп, Германиядағы министрлер кабинеті ерлер мен әйелдер тең қамтылған болып жасақталды.

Жаңа үкімет көмірді пайдалануды ертерек тоқтатып, жаңа отын көздеріне көшу арқылы климаттың өзгеруімен күресуді жоспарлауда. Дегенмен пандемиямен күресу олардың бастапқы басымдығы болмақ (Елдегі эпидемиологиялық ахуалға келесі мақалада тоқталамыз).

«Шольцтің коалициялық үкіметі – бұрын-соңды болмаған маңызды билік. Олар елдегі тұрақтылықты сақтай отырып, Германияны модернизациялауға деген ынта-жігерін біріктірмек»,– деп жазады мақала авторы. Мақалада жазылғандай, елдегі халық жаңа биліктен коронавирусты жеңу, Ресей-Украина ахуалына араласу, Меркель билігі ұстанған «бизнес, содан соң саясат» ұстанымынан арылу секілді өзгерісті күтеді.

Шольцтің канцлер ретіндегі шетелге алғашқы сапары жұмада Парижде және Брюссельде өтпек. Жаңа канцлер және сыртқы істер министрі болып тағайындалған «Жасылдардың» бірлескен көшбасшысы Аннален Бэербок Ресейдің Украинамен шекараға жақын жерде әскер жинайды деген пікірге жауап бермек.

Дегенмен Ресей Украинаға басып кірмейтінін алға тартқан болатын. Бұған Германия, АҚШ, Франция мен Италия билігінің Украинаға қысым көрсетілсе санкция жариялап, Ресей экономикасына зардап шектіру туралы келісімі себепкер болуы мүмкін деп пайымдайды тілші.

Сәрсенбіде канцлериядан шығып бара жатқан Меркель кезекті канцлерге Германияның игілігі үшін жұмыс істеуге кеңес беріп, қызметкерлердің қошеметіне бөленді. Меркельдің Бундестагқа жақын жерде кеңсесі бар, ол жерде экс-канцлер кей қызметін әлі де жалғастырмақ.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: