Бейсенбі, 25 сәуiр, 21:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Күмәнді құтқару

09.01.2021

942 0

Өткен аптада Нигерияның солтүстік-батысындағы қарақшылар Канкара мектебінен жүздеген баланы ұрлап әкетті деген ақпарт ғаламдық БАҚ-та қызу талқыға түскен болатын. Әлемдік қауымдастықтар ел билігінен дереу мәселені назарға алуын талап етіп, қажет жағдайда әскери күш пайдалануды ұсынған. Енді, міне, «CNN» арнасының тілшісі Эоин МакСвини оқиғаға қатысты жағымды жаңалықпен бөлісіп, балалардың босатылғанын хабарлады.

«Өткен аптада Кацина штатындағы 300-ге жуық мектеп оқушысы із-түссіз жоғалып кеткен еді. Іздеу жұмыстары нәтижесінде Нигерия қарулы күші бейсенбі күні кешке әскери операция жүргізіп, балаларды құтқарды. Билік өкілі Абду Лабарананың айтуынша, бұған дейін кінәлі деп танылған «Боко Харам» ұйымының іске қатысы болмай шықты. Оқушыларды ұрлаған өзге террористік топтың қарақшылары екен. Алайда «CNN» арнасы нақты зерттеу жұмысын жүргізе алмады».

Хабарда ел президенті Мухаммаду Бухаридің Twitter желісінде жарияланған «Бұл еліміздің мойнынан ауыр жүкті түсірді» деген мәлімдемесі көрсетілді. Сонымен қатар президент халыққа шыдам мен төзім қажет екенін айтып: «Әкімшілік нигериялықтардың өмірі мен бостандығы үшін жауапкер екенін мойындайды. Сондық­тан халықтан елдегі экономикалық, жемқорлық, қауіп­сіздік мәселесін шешуге сенім білдіруін сұраймын» деді.

Бұған дейін оқушыларды ұрлаған қарақшылардың билікке бейне үндеуі ғаламторда тараған еді. Онда қылмыскерлер мемлекеттен батыс білімін таратып жатқан мектептерді жабуды және балаларды іздеуге шыққан әскери күшті қайтаруды талап еткен. Бір қызығы,  хабар авторы бейнежазбадағы дауыстың қатысы жоқ деген «Боко Харам» тобының жетекшісі Абубакар Шекауға тиесілі болуы мүмкін екенін айтады. Бұған сарапшылардың пікірі дәлел болған. Сондықтан істің тәуелсіз қауымдастықтар тарапынан жіті бақылауға алынуы маңызды деген қорытындыға келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: