Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Лай көшкінінен 60 сағат өткен соң 3 жасар қыз тірі табылды

12.02.2024

488 0

Сурет: theguardian.com

Aqmeshit-aptalygy.kzФилиппиннің оңтүстігіндегі алтын өндіретін ауылда лай көшкіні болып 27 адам қаза тапты. Табиғи апаттан 60 сағат өткен соң үш жасар қыз аман табылды. Бұл туралы  The Guardian порталы хабарлайды.

Филиппиндік Қызыл Крестің айтуынша, жауынның салдарынан болған көшкінде жоғалып кеткен тұрғындардың қатарында үш жасар қыз да болған. Қаза тапқандар саны 27-ге жетті. Іздеу әлі де жалғасып жатыр.

Құтқарушылар қызды Оңтүстік Минданао аралындағы Масара ауылын қолмен қазып жатқан кезде тапқан. 

«Бұл бір ғажайып. Құтқарушылар жоғалып кеткендерді қаза тапты деп ойлаған. Енді бұл жағдай бізге үміт береді. Әдетте балалар ересектер сияқты төзімді болмайды. Бірақ бүлдіршін аман қалды», – деді Давао-де-Оро провинциясының Төтенше жағдайлар агенттігінің өкілі Эдвард Макапили.

Құтқарушылар қызда көзге көрінетін жарақаттың болмағанын айтады. Оны дереу ауруханаға апарған.

Айта кетсек, Филиппиннің оңтүстігінде көшкін салдарынан үйлерді қиратып, алтын кенішінен жұмысшыларды алып кетуге барған үш автобус пен көлікті су басты.

Минданаоның кейбір бөліктерінде жаңбыр күшейіп, су тасқыны болды. Салдарынан ондаған мың адам баспанасыз қалды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: