Жұма, 26 сәуiр, 16:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Путин Херсон және Запорожье облыстарының тәуелсіздігін мойындады

30.09.2022

553 0

Ресей президенті Владимир Путин Херсон және Запорожье облыстарын тәуелсіз аймақ ретінде тану туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Ria.ru сайты.

Халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, 2022 жылғы 27 қыркүйекте өткен референдумда Херсон халқының ерік-жігерін ескере отырып, Біріккен ұлттар ұйымының жарғысында бекітілген халықтардың тең құқықтылығы мен өзін-өзі анықтау қағидатын мойындап және растай отырып, Херсон облысының егемендігі мен тәуелсіздігін мойындауға қаулы етемін», – делінген құжатта.
Екінші жарлықта Запорожье облысының егемендігі мен тәуелсіздігін мойындау туралы айтылады.

Күні кеше жұма күні Кремльде Ресей құрамына төрт жаңа аумақ — Донецк және Луганск халық Республикаларын, сондай-ақ Херсон және Запорожье облыстарын қосу туралы шарттарға қол қою рәсімі өтетіні белгілі болды. Оған Путин мен парламент мүшелері қатысады.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, рәсім сағат 15.00-ге жоспарланған. Содан соң Путин аталған аймақтардың басшыларымен кездесу өткізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: