Жексенбі, 19 мамыр, 09:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан шетелге барып жұмыс істейтін азаматтардың құқығын қорғайды

14.12.2022

544 0

Еңбек министрлігі Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығын қорғау қарастырылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент тапсырмалары шеңберінде Еңбек министрлігі Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі және ол 30 қараша күні Үкіметпен бекітілді. Тұжырымдамада шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығын қорғау қарастырылған. Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов шетелге барып жұмыс істеу тренд екенін айтты. 

“Біз оған шектеу қоя алмаймыз және шектеудің қажеттілігі де жоқ. Біздің міндетіміз – өз азаматтарымыздың құқықтарын қорғау. Осы мақсатта қазақстандық еңбек мигранттары барынша көп шоғырланған елдермен құқықтық қорғауға кепілдік беретін мемлекетаралық келісімдер пакетін жасауды ұсынамыз”, – деді Ілияс Испанов. 

Спикердің айтуынша, Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі құрылымдары Қазақстан азаматтарының құқығын қорғайды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: