Жексенбі, 28 сәуiр, 12:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Ташкент әуежайында алапат жарылыс болды

28.09.2023

331 0

Ташкент әуежайындағы кедендік қоймада алапат жарылыс болды. Салдарынан көпқабатты үйлердің терезесі мен есіктері қирады. Бұл туралы Gazeta.uz басылымы хабарлайды. 

Жарылыстан зардап шеккендер саны көп, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі де көптеп келген. Қазір жарылыстан кейін тұтанған өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше төтенше жағдай 28 қыркүйекте 2:43-те болған. Жарылыс дауысы бірнеше шақырымға дейін естілген. Ал от жалыны өзге аудандардан да көрініп тұр.

Әуежайға 16 өрт сөндіру-құтқару бригадасы жіберіліпті. Сондай-ақ ведомство өкілдері ұшақ құлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Uzbekistan Airports компаниясы жарылыстың әуежай жұмысына кедергі келтірмегенін хабарлады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: