Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Венадағы теракт

26.11.2020

805 0

Жасыратыны жоқ, бірнеше апта бойы әлемдік басылымдардың бас мақаласы Джо Байден мен Дональд Трамп текетіресіне арналды. «The New York Times» газеті де дауыс санағын тоқтату, сайлаудағы әділетсіздік туралы пікір салдарынан өзге де маңызды мәселені көмескі қалдыруға мәжбүр еді. Әсіресе, саяси қуғын көрген Эдвард Сноуденнің Ресей азаматтығын алуға ниет білдіруі, Сенегал жағажайында қаза болған жүздеген мигранттардың тағдыры туралы жарияланған мақала көздеген межені орындай алмады десек, артық емес. Алайда Катрин Беннхольд пен Мелисса Эддидің Венадағы терактке байланысты біріккен ізденісі назар аударуға тұрарлық. «Қарулы топтың Венаға шабуылы» атты мақалада орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайын тарқата суреттеген:

«Дүйсенбі күні Венадағы орталық синагог пен мемлекеттік опера театры аралығындағы «Бермуд үштағаны» кварталында жүргіншілерге оқ атылды. Австрия тарапы теракт деп таныған оқиға салдарынан екі адам қаза болып, 15-ке жуық азамат жараланған. Полициямен қақтығыс кезінде бір лаңкестің қаза болғаны анықталды. Шабуылды экстремистік ұйымдар әзірге мойындамай отыр. Елде үшкүндік қаралы күн жариялау туралы шешім қабылданды.Әлеуметтік желіде қанды оқиға кезінде түсірілген бейнежазба тарап, халық арасында дүрбелең орын алды. Тараған бейнежазбада лаңкестің жүргіншілерге қарата оқ жаудырған сәті мен жаралыларға көмек көрсеткен азаматтар көрсетілген. Билік мұндай мазмұндағы бейне материалды әлеуметтік желіге жүктемей, тиісті органға тапсыруы қажеттігін ескертуде».

Сонымен қатар мақалада оқиға куәгері Джулия Шраммель есімді азаматшаның пікірі жарияланған. Онда күрделі сәтті халықтың қорқынышы мен мейрамхана егелерінің әрекеті айтылған:«Біз кешкі ас ішуге Моттон-ам-Флусс мейрамханасына келгенбіз. Сәлден соң адамдардың қашып келе жатқанын көріп, абдырап қалдық. Артынша айқай мен мылтық даусы естілді. Дереу мейрамхананың жертөлесіне жасырынып жан сауғаладық. Көп өтпей көшеде кептеліс орнап, полиция дабылы естілсе, әуеде тікұшақ үні құлақ тұндырды».

Ерсін ШАМШАДИН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: