Үндістанның батысындағы Гуджарат штатындағы аспалы көпірдің құлап, 120 адам қаза тапты. Көпір ұзақ жөндеуі біткеннен кейін бірнеше күннен соң құлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Дүйсенбіге қараған түні Франс пресс агенттігіне жергілікті полиция басшысы: “Біз 120 мәйітті тапқанша іздеу операциясы кезінде қаза тапқандар саны артуы мүмкін», – деді.
Оның айтуынша, 130-дан астам адам құтқарылды.
Адам саны 500-ге жеткенде көпір құлаған. 100-ден астам адам суға түсіп кетті.
Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Алайда түн болғандықтан іздеу жұмыстарын жүргізу қиын болып отыр. Билік өкілдері мерт болғандар санының артуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.
«Құрбан болғандардың көпшілігі әйелдер мен балалар және қарт адамдар», – деді оқиға орнында жүрген Тұрғын үй құрылысы және ауылдық аудандарды дамыту министрі Бриджеш Мерджа.
Видеоны көру үшін сілтемеге өтіңіз: https://t.me/stankznews/6966?embed=1
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!