Сәрсенбі, 24 сәуiр, 21:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Кәсіпкерлікке кедергі жоқ

23.01.2021

24537 0

Аймақта жеке кәсібін ашып, жұмысын жандандырған кәсіпкерлер жыл сайын артып келеді. Бүгінде облыста 48657 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.

Аталған кәсіпкерлік нысанының 21 проценті шаруа қожалығы болса, 67 проценті жеке кәсіпкер, 12 проценті заңды тұлғалар. Тұрғындар кәсіп бастауда мемлекеттік бағдарлама игілігін көруде. Оған қоса кәсіпкерлерді қолдау мақсатында облыстық кәсіпкерлер палатасы жүйелі жұмыс істеп келеді. Былтыр Палата кеңесшілері 1785 кәсіпкерге тиісті көмек көрсетсе, 4 мыңнан астам азаматқа осы бағытта қажетті кеңес берген. Нәтижесінде жаңадан 54 жобаны іске асыруға мүмкіндік алыпты. Мәселен, «Бастау» жобасы аясында жалпы сомасы 422,1 млн теңге болатын 746 жоба қаржыландырылған.
Палата басшысы Ғалымбек Жақсылықов карантиндік талаптардың салаға кері әсерін тигізгенін де жасырмады. Дегенмен қиюын келістіре білгендер кәсібін басқа бағытта жүргізген.
– Әсіресе, тойхана иелері өз қызметін өзге салаға бағыттады. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табуда. Сондай-ақ біз кәсіпкерлердің кедергісіз жұмыс істеуін, құқығының шектелмеуін қадағалаймыз. Өткен жылы осындай келеңсіздік тудырған 11 лауазымды тұлға тәртіптік, 1-еуі әкімшілік жауапқа тартылды, – дейді ол.
Қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасымен 193 жоба субсидияланыпты. Алдағы уақытта тағы 161 жоба жүзеге асуы мүмкін. Бұл жобалар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жобалық кеңсенің қарауында талқылануда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: