Сенбі, 20 сәуiр, 03:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан инвестициямен танымал

12.11.2022

1477 0

Астанада Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын зерттеу нәтижелерін таныстыру туралы халықаралық жиын өтті. Іс-шараға Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қатысты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Панельдік сессия ая­сында экономика министрі қазіргі геосаяси жағдайда ел экономикасының дамуы­на қатысты бірқатар сұрақ­тарға жауап беріп, әлеу­меттік-экономикалық рефор­ма­лардың іске асырылу барысы туралы айтты.

Сондай-ақ министр инвестициялық ахуал­ды жақ­сарту мен инвес­торларды қол­дау құралдарын жетіл­діру бойынша жүргізіліп жат­қан жұмыстарға да тоқталды. Бұл бағыт­тағы оң динамика EY компания­сы «Euromoney» және «fDI Market Intelligence»-пен бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижелерінде айтылды.

Сауалнамаға әлемнің түкпірінен 116 шетелдік инвесторлар қатыс­­қан. Сауалнамадан өткен компа­ниялардың 33-інің 1,5 млрд еуродан асатын және 83 компанияның 1,5 млрд еуродан төмен айналымы бар. Шетелдік сарапшылардың айтуынша, бүгінде Қазақстан өңір­дегі инвестициялар үшін ең танымал елдердің біріне ай­налды. Сауалнамаға қатысқан инвес­торлардың үштен екісінен астамы Қазақстанда өз қызметін жүргізіп жатыр.

Жиында шетелдік бизнес өкіл­дері тарапынан бірқатар ұсыныс айтылды. Соның ішінде қолайлы нормативтік орта және экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, цифрлық экономиканы дамыту, сондай-ақ салық салудың әділ және ашық тәсіліне жәрдемдесу мәселесі көтерілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: