Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Qnet қаржы пирамидасы болып танылды: Ұйымның Қазақстандағы басшысы тергеуге алынды

24.04.2022

1461 0

Qnet халықаралық компаниясын Қазақстанда қаржы пирамидасы деп танылды. Сондай-ақ компанияның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы тергеуге алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысындағы аумақтық департаменті «Qnet»компаниясы халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастаған. 

Агенттіктің айтуынша, компания Қазақстан аумағында тіркелмеген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, банк қызметі мен банк операцияларын жүргізуге лицензиясы, рұқсаты жоқ. 

Бұған қоса, іс фигуранттарының біріне қатысты үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Qnet – QI тобының негізгі еншілес кәсіпорны. 1998 жылы негізі қаланған. Гонконгте орналасқан, тікелей сатылым мен көп деңгейлі маркетингті пайдаланады. Компания қаржы пирамидасын құрды деп бірнеше рет айыпталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: