Жұма, 01 мамыр, 13:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2244)
01.05.2026
PDF мұрағаты

Бруцеллез ауруының алдын алайық

29.04.2026

113 0

Фото: ашық дереккөзден

Бруцеллез – адамдар мен малдар арасында кездесетін жұқпалы ауру. Бруцеллезге барлық үй жануарлары шалдығады, соның ішінде қойлар, ешкілер, ірі қара малы және шошқалар. Ал адамға бруцеллездің жұғуына көбінесе қой мен ешкі себеп болады және аурудың белгісі уақ малдың іш тастауы мен өлі төл тууынан көрінеді.

Ауру мал іш тастағанда бөлінетін сұйық заттарымен, шумымен, өлі түскен төлмен бірге бруцеллездің қоздырғыштары сыртқы ортаға тарайды. Осы сәтте жайылым, қора-қопсы, құрал-сайман, шөп, топырақ, су ластануы мүмкін. Кейде тіпті құдық суының өзін қайнатпай ішу де өте қауіпті болады, себебі ауру малдың зәрі арқылы ластанған топырақ, шаң-тозаң құдыққа түсуі мүмкін. Бруцеллез ауруы шикі немесе термиялық өңдеуден өтпеген ет-сүт өнімдерін пайдаланғанда, сонымен қатар резеңке қолғапты пайдаланбай ауру малды сою, қырқу және терісін өңдеу кезінде де жұғады.
Науқаста бруцеллездің клиникалық белгілері біртіндеп басталып, көңіл-күйі нашарлайды, бұлшық еттері ауырып, асқа тәбеті төмендеп, түнге қарай қатты терлейді. Ары қарай ауру белгілері күшейіп, ыстығы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, басы, буындары ауырып, әлсіздік пен ұйқысыздық пайда болады. Жалпы бруцеллез ауруы адамды бедеулікке ұшыратып, тірек-қимылынан айырып, жүйкесін зақымдайды. Науқас дер кезінде медицина қызметкеріне қаралмаған жағдайда ауру асқынып, мүгедектікке әкеліп соқтыруы мүмкін.
Сондықтан бруцеллез ауруының алдын алуда уақ малдарды төлдету, жүнін қырқу, оларға күтім жасау кезінде арнайы киім мен резеңке қолғапты қолдануға және ет-сүт өнімдерін термиялық өңдеуден міндетті түрде өткізіп, пайдалануға кеңес береміз.

Г. Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: