Бейсенбі, 30 сәуiр, 11:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2243)
28.04.2026
PDF мұрағаты

Мереке күндері ХҚО мен мамандандырылған ХҚО қалай жұмыс істейді

30.04.2026

43 0

Фото: Kazinform

Орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді, – деп хабарлайды KAZINFORM

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесін хабарлады.

— Орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді.

2 және 11 мамыр — кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00–ден 13:00–ге жұмыс істейді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00–ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00–ге дейін алып кетуге болады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: