Сәрсенбі, 29 сәуiр, 18:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2243)
28.04.2026
PDF мұрағаты

Әлеуметтік желі: мүмкіндік пе, әлде тәуелділік пе?

29.04.2026

53 0

Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Қазіргі қоғамды әлеуметтік желісіз елестету мүмкін емес. Таңертең ұйқыдан тұрған сәттен бастап, кешке дейінгі уақыттың едәуір бөлігі смартфон мен интернетке тәуелді. Әсіресе, жастар арасында бұл құбылыс айқын байқалады. Цифрлық технология дамыған сайын, әлеуметтік желінің де ықпалы артып келеді. Бірақ бұл үрдіс қоғамға тек пайда әкеліп отыр ма, әлде кері әсері де бар ма – бұл өзекті сұрақ.

Қазақстандағы интернет қолдану көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сәйкес, ел халқының 90 пайыздан астамы интернетке қол жеткізген. Оның ішінде ең белсенді топ – 16–35 жас аралығындағы жастар. Бұл әлеуметтік желінің жастар өміріндегі орнын айқын көрсетеді. Қазіргі таңда «Instagram», «TikTok», «Telegram» сияқты платформалар кеңінен қолданылады. Бұл желілер тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ақпарат тарату, білім алу және табыс табу алаңына айналды. Мысалы, көптеген жас кәсіпкер өз бизнесін дәл осы әлеуметтік желі арқылы дамытып, аудитория жинап отыр. Сол себепті, әлеуметтік желінің оң тұстарын жоққа шығару мүмкін емес. Біріншіден, ақпаратқа қолжетімділік артты. Бұрын тек теледидар немесе газет арқылы таралатын жаңалықтар қазір секундтар ішінде бүкіл әлемге жетеді. Екіншіден, білім алу мүмкіндігі кеңейді. Әртүрлі онлайн курстар, пайдалы парақшалар, сарапшылардың кеңесі – барлығы ашық қолжетімді. Үшіншіден, жеке бренд қалыптастыруға жол ашылды. Көптеген жастар блогерлік арқылы табыс тауып, өз аудиториясын қалыптастырып үлгерді.

Алайда, мәселенің екінші жағы да бар. Мамандар әлеуметтік желіні шамадан тыс қолдану адамның психологиялық және физикалық денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін айтады. Зерттеулерге сәйкес, күніне 3–5 сағаттан артық уақытын әлеуметтік желіге жұмсайтын адамдарда тәуелділік белгілері байқалады. Бұл ұйқының бұзылуына, зейіннің төмендеуіне және күйзеліске әкелуі мүмкін. Сонымен қатар жалған ақпарат мәселесі де өзекті. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеттің студенті Аяжан Махамбетәлі әлеуметтік желіде тексерілмеген мәліметтер жылдам таралып, қоғамда түрлі түсінбеушілік туатыны айтады. Бұл – әсіресе журналистика саласы үшін үлкен сын. Себебі кез келген ақпараттың шынайылығын тексеру – кәсіби міндет.

– Қазір әлеуметтік желісіз бизнес жүргізу қиын. Бірақ адамдар көбіне шынайы өмірден алыстап бара жатқан сияқты. Барлығы тек экран арқылы өмір сүріп жатқандай көрінеді, – деген пікір білдірді.

Әлеуметтік желі – ақпаратты жедел таратудың тиімді құралы. Дегенмен, әрбір мәліметті тексеріп, саралап беру – басты жауапкершілік. Бұл тек журналистерге ғана емес, әрбір қолданушыға қатысты талап. Әлеуметтік желі бір жағынан мүмкіндік, білім мен табыс көзі болса,  екінші жағынан уақыт ұрлап, тәуелділікке апаруы мүмкін. Уақытты тиімді басқару мен ақпаратты саралай білу – қазіргі заман жастары үшін ең маңызды дағдылардың бірі.

Нұрай Арманқызы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: