Энергетика министрлігі «Тауар биржаларынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары аясында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобаға сәйкес, Энергетика министрлігі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті көтерме бағасын бұрынғы деңгейде қайта бекітуді жоспарлап отыр.
Еске салсақ, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында сұйытылған газдың көтерме бағасы тоннасына 59 722 теңге көлемінде белгіленген.
Құжат жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
