Бейсенбі, 25 сәуiр, 12:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

12 кәсіпорын қайта іске қосылды

15.12.2020

788 0

Облыста 2023 жылға дейін экономика саласын дамыту мақсатында 271 млрд теңгені құрайтын 265 жоба іске қосылады. Биыл 89 жоба іске асырылып, 1035 жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ринат Құдайбергенов айтып берді.

Өңірде кәсіпкерлік саласындағы тұралап қалған кәсіпорындардың жағдайына талдау жүргізілді. Нәтижесінде 46 кәсіпорын анықталды. Оның 19-ы өңдеу, 14-і ауыл шаруашылығы, 9-ы құрылыс материалдарын шығару және 4-і  өнеркәсіп саласы.

Бүгінде 46 кәсіпорынның 12-і қайта іске қосылды. Қалған кәсіпорындар бойынша сауықтыру шаралары шикізат әлеуетін пайдаланып, мемлекеттік бағдарламалар және басқа да қаржы институттар арқылы қолдау көрсету жұмыстары жүргізілуде.  Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шаралар кәсіпорындардың қайта жандануына септігін тигізуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: