Сәрсенбі, 27 қараша, 21:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Әкімдік кәсіпкерлерге, кәсіпкерлер қала дамуына демеу болмақ

04.09.2021

931 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев қаладағы кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында апта сайын өңірлік кәсіпкерлер палатасында әкімдікке қарасты бөлімдерге «Ашық есік» күнін ұйымдастыруды тапсырған болатын. Шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Ғанибек Қонысбекұлы өзі барып мән-жайды бақылап та қайтты.

Кәсіпкерлік палатасының алаңына барған қала әкімі ашық есік күні аясында атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, палата жұмысының негізгі мақсаты да өз кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кеңінен ақпарат беру болып табылатынын, отандық өндірісті қолдау, саланы ынталандыру мақсатында ашық есік күндерін жиі өткізу керектігін баса айтты.

Одан бөлек өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов жұмыс жоспарларымен таныстырып, пікір алмасып, түйткілді мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

Кездесуде қала әкімі кәсіпкерлік саласының деңгейі жоғарыламай салық базасының молаюы мүмкін еместігін алға тартты. Сондай-ақ сала бойынша күрмеуі шешілмеген мәселенің көптігін айтып, алдағы уақытта халыққа қажетті кәсіп көзін ашу жайын талқылады.

Жалпы бүгінгі күнге дейін «Ашық есік» күні аясында кәсіпкерлерге 30-ға жуық кеңес берілген. Шараның негізгі мақсаты – қаланың бизнес-ахуалын жақсарту, жер, сәулет, ауылшаруашылығы мәселелері бойынша кәсіпкерлер тарапынан туындаған сауалдарға жауап беру, пандемияға байланысты уақытша тұралап қалған бизнесті қолдау мен дамыту, мемлекеттік қолданыстағы барлық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын тиімді пайдалану. Аталған жұмыстардың жалғасы ретінде, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында облыс орталығындағы аудандарда, әсіресе жаңадан ашылған тұрғын аудандардан шағын базарлар мен қызмет көрсету бағытында кәсіп түрлерін ашу үшін жер телімдері ұсынылуда.

Қала әкімі алдағы уақытта кәсіпкерлермен бірлесіп жүйелі жұмыс жасалатынын, Қызылордаға дәл қазіргі уақытта өндіріс орындары қажет екенін айтты. «Кәсіпкерлік саласы дамыса, өндіріс орындары ашылса, жұмыссыздар саны азаяды, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарады. Шын кәсіп көзін табам деушілер кездескен кедергілерден мойымай, өзін және отбасын асырау үшін тынбай еңбек етеді. Өзіне ғана емес халыққа да пайдасын тигізеді», – деді қала басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: