Бейсенбі, 25 сәуiр, 13:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Ас-Ка» тегін фабрикасы айына 2500 дана өнім шығарады

21.02.2023

544 0

Пандемия жағдайы бизнес саласын да айналып өткен жоқ. Кей кәсіпорындар араға уақыт салып тірлігін түлете бастады. Солардың бірі- Қызылордадағы жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы “АС-КА». Мұнда айына 2500 дана өнім өнідіріледі.

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрайымы Дина Махатова мектеп формасын тігуді 2019 жылы қолға алған. Облыс бойынша кәсіпорын арнайы киім тігу бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Пандемия кезінде «Ас-кА» ЖШС медициналық бір реттік комбинезондар мен бахилаларды тігумен айналысты. Сол жылдардағы өнімнің бұл түрі медициналық салада өте жоғары сұранысқа ие болды. Жоғарыда аталған тауарлардың қысқа мерзімде үлкен шығарылымы осы кәсіпорынның жоғары тиімділігі мен құзыреттілігін көрсетеді.Осы оқу жылына ер балаларға арналған 1000 дана, қыз балаларға арналған 2000 дана мектеп формасын дайындаған. Жергілікті кәсіпкерлер маталарды Түркия, Қытайдан алдырып жатыр. Дина Махатова материалдардың барлығы да Оқу-ағарту министрлігі қойған талапқа сай келетінін, арнайы сертификаттары алынғанын атап өтті.

Мектеп формаларының бағасы нарық бағасынан анағұрлым төмен. Жейделер 2000-3000 теңгеден басталады. Ер балаларға арналған костюм, шалбар, жакеті 10 000 теңгеден. Өнімдері алғашқыда облысымызда, кейіннен еліміздің өзге де бірқатар өңірде сатылды. Кәсіп­орын қолданылатын ең соңғы үлгідегі автоматтандырылған тігін машиналарының тігісі жатық, ­теп-тегіс. Әр тұты­нушының дене бітімі мен талға­мы­на орай әрбір өлшемге мән беріліп, киімнің қонымды болуын есепке алынды. Дизайны мен тігісі шетел­дік костюм-шалбарлардан кем түспейтін отандық өнімнің матасы да сапалы. Өнім өте сапалы, ыңғайлы, мек­теп формасына қойылатын та­лаптар толық сақталған. Фаб­рика тапсырыстан бөлек, дайын өнімдерін сатылымға шығарады. Алматы, Ақтөбе қалалары мен еліміздің басқа өңірлеріндегі ресми және келісім бойынша дү­кендерде сатады, сондай-ақ түрлі жәрмеңкелерге қатысады. Кәсіпорын мектеп форма­сы­нан бөлек, теміржол, қорғаныс істері қызметкерлері үшін арнайы жұмыс киімін дайындайды. Фабрикада жеке лекалдар базасы бар. Соның арқасында киім өнімдері жаңа сән үлгілеріне сай дизайнда жасалады. Өндірісте жоғары дәрежелі ма­мандар істейді. Фабрика қызметі­нің арқасында жергілікті тұр­ғын­дардан 45 адам жұмыспен қам­тылған. Тапсырыстың көбе­юіне байланысты алдағы уақытта адам жұмысқа тарты­луы мүмкін. «АС-КА» тігін фабрикасында киім өндірісінің толық циклі – дизайнын әзірлеу­ден бастап қаптамаға дейін жүзеге асады. Барлық жұмысты шеберлер жоғары технологиялық жабдықтар арқылы атқарады. Фабрикада орнатылған шетелдік заманауи жаб­дықтар сапасы әлемдік бренд­терден еш кем түспейтін өнім өндіруге мүмкіндік береді.

– Алдағы мақсат – осы ішкі нарықты қамтып, елімізде саты­лымдағы отандық өнім мөлшерін ұлғайту. Мектеп оқушыларын сапалы, сәнді, бағасы да қолжетімді мектеп формаларымен қамтамасыз ету. Осы орайда ата-аналар мен мектеп ұжымдарына отандық өндірушіні қолдап, отандық киім киюге шақырамыз. Себебі отандық өнімді тұтынудың ел экономи­касына пайдасы зор, – дейді Дина Махатова.

Отандық нарықта сапалы киімдерімен танылған тігін фабрикасы еліміздің жеңіл өнер­кәсібінің өрісін кеңейтуде. «АС-КА» киім бренді еліміздің бірқатар өңірін­де кеңінен тарауда. Бүгін цех облысының мекемелерін ынтымақтастыққа шақырады.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: