Сәрсенбі, 24 сәуiр, 03:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Кәсіпкерлікке кедергі қандай?

23.04.2022

627 0

Жақында Үкімет Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдады. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің жалпы саны 15,2% артып, 1,4 млн нысанға жеткен. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 10,6 % артып, 3,5 млн адамға жеткен. Дегенмен кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамытуға қолайсыз реттегіш жүйе мен шектен тыс әкімшілік жүктеме кедергі келтіретіні айтылуда. Бұл мәселені жаңа реттеу саясатын енгізу мәселелері жөніндегі заң аясында екі кезеңде шешу жоспарланған.

Мәселен, 2022 жылдың бірінші жар­­ты­жылдығында төрт басым сала­да: сауда қызметі, көлік, ауыл шаруа­шылығы, қоғамдық тамақтану және қонақ үй қызметтері секілді салаларда реттеушілік талаптар қайта қаралмақ. Жаңа тәсілдерді іске асыру бизнеске түсетін жүктемені түбегейлі азайтуға және жаңа экономика жағдайында іскерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікті қолдаудың тағы бір жаңа мүмкіндігі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Тұжырымдама аясында нарықтың жеке­леген қатысушыларына әді­летсіз ар­тықшылықтар беретін заңнамалық және реттеуші актілердің күшін жою, шағын және орта бизнес үшін реттеушілік кедергілерді қысқарту, шектеулі бюджет ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, биз­нестің есептілігін арттыру, рұқсат беру құ­жаттарының санын қысқарту көзделген.

Тұжырымдаманы іске асыру 2030 жылға қарай осы салада жұмыс істейтін санын 5 млн-ға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етпек. Сондай-ақ 2030 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 40 процентке, жалпы ішкі өнімдегі орташа компаниялардың үлесін 20 процентке дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: