Жұма, 19 сәуiр, 16:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«22 келіге арықтадым». «Шімән апа» образы арқылы танылған актер арықтаудың сырын айтты

26.12.2022

585 0

«Әзіл әлемі» театрының әртісі, әзілкеш, «Шімән апа» образы арқылы танымал актер Ерболат Төлеген 4 айға жуық уақыт ішінде қалай 20 келіге арықтағанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Мәселе, семіздікте емес, рольде ойнайтын – актер. Адам өзгеріп тұруы керек. Мен артық салмақ тастағаным үшін қуанамын. 3,5-4 айдың ішінде 22 келі салмақ тастадым. Мен бұрыннан диета ұстап, тастап келе жатырмын. Бірақ кейінгі диета нәтижелі болды. Біреулер «Қатерлі ісікпен ауырмайсың ба?» деп жатады. Бұл – менің бойыма сәйкес салмақ», – деді ол.

Әзілкештің айтуынша, ол артық салмақтан жапа шеккен.

«Бұрынғы салмақ қайтып келуі мүмкін. Бірақ осы салмақты өзім ұстап тұрамын. 10 келі қосуым мүмкін. Шыны керек, бала кезден толық болдым. Толықтықтан жапа шеккен адаммын. Мектепте, сыныптастар, ағайын-туыстың балалары мазақ қылады. Мысалы, биікке көтерілгенде, тауға шыққанда тізе ауырады. Артық салмақтың зиян екенін айтып жүрдім. Қазір салмақ тастағаннан кейін денсаулығым жақсарды. Оның үстіне, бұрын қатты ашуланшақ едім. Қазір көп нәрсені елемейтін болдым», – деді Ерболат Төлеген. 

Актердің айтуынша, «Әзіл әлемі» театрында «Шімән апа» образы өзгеруі мүмкін. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: