Дүйсенбі, 07 қазан, 06:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

«Алтын домбыра» музейге табысталды

26.12.2020

2407 0

Алаштың анасы атанған Сыр өңірі қашаннан жырдың өлкесі екені әмбеге аян. Жыр елінің бүгінгі ақтаңгер ақыны Мұхтар Ниязов айтыста жеңімпаз атанып, үшінші мәрте «Алтын домбыраны» иеленді. Осыған орай кеше Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен «Алтын домбыраны» табыстау рәсімі өтті.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, әнші, композитор Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының иегері, «Жұлдыз» жур­налының бас редакторы Ғалым Жайлыбай және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанатта мәрте­белі мейман­дар айтыс ақтаңгері Мұхтар Ниязовқа «Алтын дом­быраны» табыстап, Сыр елінің өнері мен мәдениетіне құрмет көрсетті. Шашасына шаң жұқпаған Мұхтардай ақын «Алтын дом­быраны» жалғыз өзінің емес, күллі Сыр жұртшылығына ортақ екенін айтып, облыс әкіміне табыстады.

Аймақ басшысы сөз додасында топ жарған Мұхтардай ақын­ға Мұрат, Марат Сәрсенбаевтай кәсіпкер ағалары  автокөлік сыйлағанын айтып, кілтін табыстады.

Салтанатты шара «Алтын дом­быраны» облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Мәдениет және өнер» залына табыстау рәсіміне ұласты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: