Сенбі, 20 сәуiр, 08:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Ақынның кеші өтті

22.02.2021

1280 0

Достық үйінің мәжіліс залында Славяне этномәдени бірлестігі «Надежда» жастар тобының ұйымдастыруымен ақынның туғанына 115 жыл толуына орай «В гостях у Агнии Львовны Барто» атты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік шараға Славяне этномәдени бірлестігінің белсенділері, И. В.  Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің және «Анар бэби» балаларды дамыту орталығының оқушылары, этномәдени бірлестіктердің балалары мен олардың ата-аналары қатысты. Қатысушылар Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қолдауымен ұйымдастырылған Агния Бартоның кітап көрмесін тамашалады.

Кеш барысында белгілі балалар ақыны, аудармашы, киносценарист және радио жүргізушісі Агния Бартоның өмірі мен шығармашылығы туралы слайдтар, бейнероликтер, фильмдерден үзінділер көрсетілді. Балалар мен жасөспірімдер өлеңдер оқыды. А. Бартоның өлеңдерін білуге арналған викториналарға қатысып, ән айтып, оның шығармаларына негізделген көріністер ойнады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: