Сейсенбі, 23 сәуiр, 18:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Баба рухына тағзым еткен жыршы

22.03.2022

1067 0

Облыстық филармонияның концерт залында белгілі жыршы-жырау Марат Сүгірбайдың «Батыр баба» атты концерті өтті. Шарада жыршы «Жанқожа батыр» дастанын жырлады.

Концертке жиналған қауымға дастанды бір жарым сағат бойы тоқтаусыз жырлаған Марат Сүгірбай көрерменнің рухын көтеріп, бір серпілтті. Концертке елге белгілі қаламгерлер мен жыршы-жыраулар да келді.

Жанқожа батырға арналған өлең-жырлар мен дастандар түрлі нұсқада тараған. Әрбір дастанның көркемдігі жоғары, өз кезеңінің тарихи оқиғаларымен суреттелген. Бұл дегеніңіз батыр ерлігін таңды-таңға ұрып жырлауға дайын халық жыршыларының, дастан жазған ақындардың бабаға деген шексіз құрметінің белгісі. Концертті тамашалаған Сыр жұртшылығы рухани байып, жыршының талантына тәнті болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: