Сенбі, 04 мамыр, 22:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Күлкі бәріне жарық сыйлайды

31.03.2023

726 0

1 сәуір – Күлкі күні. Осы датаға орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар МКҚК директоры Эльмира Қанатбаева «Мереке-Думан» халықтық әзіл-сықақ отауының шығармашылық жұмысы туралы айтты. -«Мереке-Думан» әзіл-сықақ отауы 34 жыл бұрын көркемөнерпаздардан құралған. Осы жыл аралығында үзбей халыққа өз өнерін көрсетіп жүр. Отыз жылдығы үлкен масштабта атап өтіліп, республикалық деңгейде байқау өткізілді. Сондай-ақ, «Мереке-Думан» әзіл-сықақ отауы жылына екі концерттік бағдарлама дайындап, халыққа ұсынады. Көркемөнерпаздардан құрылған бұл отау кәсіби театрлардан кем емес,-деді Эльмира Қожасқызы.

-Биыл Рамазан айына байланысты 1 сәуірде қойылатын концертті 22 сәуірге ауыстырдық. Дегенмен, 1 сәуір күні Мереке-Думан әзіл-сықақ отауының жаңа интермедиясы халыққа әлеуметтік желі арқылы жол тартады. Айта кететін жайт, 22 сәуірде өтетін кештегі басты интермедиямыз «Кореядағы қазақтар» жобасы. Бұған қоса, жуырда Шиеліде болатын дәстүрлі әзіл-сықақ байқауына дайындығымыз қызу жүріп жатыр. Жеңіспен оралатынымызға кәміл сенемін,-деді «Мереке-Думан» халықтық әзіл-сықақ отауының әртісі Мейрамбек Нұртаза.-1 сәуір елімізде көңілді күн болып саналады. Біздің әзіл-сықақ отауының бір ерекшелігі ойнайтын әзіліміздің бәрін өзіміз жазамыз. Әрқашан қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді әзілмен жеткізуге тырысамыз. «Күлкі – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім» демекші, ортамыз әрдайым қуанышқа тола берсін,-деді «Мереке-Думан» халықтық әзіл-сықақ отауының әртісі Берік Балтабаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: