Сенбі, 20 сәуiр, 03:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада Роза Бағланованың құрметіне концерт өтеді

18.04.2022

686 0

23 сәуірде сағат 19.00-де Қызылорда қаласында Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың қаһарман қызы» атты мерекелік концерт өтеді.

Концерттік бағдарламада Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Алтынбек Қоразбаев, Гүлнәр Сиқымбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Жеңіс Ысқақова, Игорь Благодарный, Айгуль Иманбаева, Асхат Үрпеков, Шаба, Нұрлан Албан, Бауыржан Исаев, Зарина Жакенова сынды әртістер мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі өнер көрсетеді.

Сыр елі –жыр елі талайды таңдай қаққызған тума таланттардан кенде емес. Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қоса киген алаштың ай маңдайлы аруы, Ұлыбританияда өтетін жыл сайынғы «Әлемнің әйгілі әйелдері» атағын алған қазақ ханымы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы ресми түрде басталып, республика көлеміндегі іс-шараларға ұласып, енді міне, туып өскен жері Сыр елінде ғасырлық тойы тойланғалы жатыр.

Айта кетейік, қазақ өнерінің біртуар әншісіне арналған бұл керемет ән кеші Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: