Жұма, 26 сәуiр, 17:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордаға 88 жылдық тарихы бар театр гастрольдік сапармен келді

06.04.2022

766 0

Сыр еліне 88 жылдық тарихы бар Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әртістері гастрольдік сапармен келді. 6-8 сәуір аралығында қала тұрғындарына үздік қойылымдарын ұсынбақ.

«Біздің театр 1934 жылы құрылды. Қазіргі таңда театр қарамағында 140-қа жуық қызметкер бар. Оның 45-і шығармашылық құрам болып есептеледі. Жыл сайын жаңа қойылымдар көрермен көзайымы болып, өңірлерге гастрольдік сапарлар ұйымдастырылып тұрады. Былтыр республикалық театр фестиваліне қатысып, жүлделі орындарды иеленген болатынбыз. Сонымен қатар шығармашылық байланыстарды нығайту мақсатында шет мемлекеттерден кәсіби мамандар шақыртылады. Қызылорда облысындағы Нартай Бекежанов атындағы музыкалық драма театрының ұжымдарымен әрдайым шығармашылық байланыстамыз. Алдағы уақытта бірлесіп ауқымды жобалар ұйымдастырылады», – деді Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының директоры Қайрат Қарғабаев.

«Біздің сахналық қоржынымызда 40-тан аса қойылым бар. Үш күндік сапар аясында үздік әрі қызықты деген 3 қойылым көрермендер назарына ұсынылады. Атап айтсақ, Дулат Исабековтың «Әпке», Секен Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» және жаңа қойылымдар сахналанады. Біздің театрымыздың 88-ші маусымы аясында Нұр-Сұлтан қаласы, Түркістан, Жамбыл өңірлеріне гастрольдік сапармен бару ойымызда бар. Алдағы 3 күнде Сыр халқын асыға күтетін боламыз», – деді театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрмағожаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: