Жұма, 19 шiлде, 04:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордаға Мәдениет және спорт вице-министрі келді

27.04.2023

578 0

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Сыр өңіріне іс-сапармен келді. Сапар аясында Сәрсен Абайұлы алдымен облыс тұрғындарымен кездесіп, аймақтың спорт саласына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Одан кейін вице-министр БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізіп, спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«2025 жылға дейін 113 жаңа спорт нысаны салынып, жұмыс істеп тұрған 26 нысан қайта жаңғыртылады. Қызылорда облысында 10 спорттық кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, Арал ауданы Жақсықылыш және Қамыстыбас ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Қазалы ауданында ангар типті спорттық кешені, Шиелі ауданы Шиелі ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені және тағы басқалары. Аталған нысандардың құрылысын жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жалпы алғанда, спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында біріншіден, біз еліміздегі барлық спорттық инфрақұрылымға ауқымды түгендеу жүргізу, екіншіден спорт нысандарын санау әдістемесіне өзгерістер енгізу, үшіншіден олардың бірыңғай тізімін қалыптастыру жоспарлануда. Соның нәтижесінде қажеттілігі бар өңірлерде, шалғай ауылдарда аз шығынмен тез салынатын модульдік нысандарды құру жұмыстары жүргізіледі», – деді Сәрсен Абайұлы.

Айта кетейік, облыста 10 мыңнан астам бала мен жасөспірім тегін үйірмелер және 6 мыңнан астам секциялармен қамтылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: