Сейсенбі, 06 желтоқсан, 16:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (1901)
06.12.2022
PDF мұрағаты

Қызылордаға Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының ұжымы келді

16.03.2022

173 0

Қызылордаға Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының ұжымы мен Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі гастрольдік сапармен келді.

Атыраулық өнер ұжымына биыл 55 жыл. Атаулы мерейтойға орай кеште Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов арнайы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың құттықтау хаты мен ықылас гүлін табыс етті.

Қ.Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрін аталған оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Ержан Қитаров сүйемелдеді.

Құрманғазының «Серпер», Қаршыға Ахмедияровтың «Арпалыс», композитор Ермұрат Үсеновтің Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шәмші дастан» шығармасы мен Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» күйі, Құрманғазының «Сарыарқасы» кештің көркін кіргізді.

Тағы да оқыңыз: