Бейсенбі, 10 қазан, 04:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілуде

21.04.2022

694 0

Аты аңызға айналған әнші, қазақ халқының мәдениеті мен руханиятының алтын қорына зор үлес қосқан Қазақстан және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы бүгінде республика, ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуде. Соның бірі Қызылорда қаласында 20-21 сәуір күндері болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жанат Құрамысова хабарлады.

«Сырда өнердің тойы басталды. Сырдан қанаттанып, өресі биік ән падишасына айналған ғазиз ғұмыр иесінің мерейтойлық шаралары қаламыздың орталық алаңында Роза Бағланова ескерткішінің ашылуымен бастау алады. Ескерткіштің авторлары мүсіншілер Мұрат Сыдықов пен Бауыржан Кененбай. Оның биіктігі 5,7 метр. Тұғыры граниттен, ескерткіштің негізі қоладан құйылған», – деді Жанат Ашанқызы.

Баспасөз конференциясына Роза Бағланованың продюсері болған Қуаныш Абдухалимов қатысты. Роза Тәжібайқызы – «Ғасыр адамы». «Адам өлген күні өлмейді, ұмытылған күні өледі». Сондықтан аңыз адамды ұлықтауды үзбеу қажеттігін айтты.

Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов анасы туралы жылы естеліктер айтып, оның атынан Алматы қаласында мұражай ашылатынын, туған жері Қазалы ауданындағы мұражайға да естелік заттар ұсынатынын жеткізді.

Мұнан соң сөз алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Жеңіс Сейдоллаұлы 2 күнге созылатын «Ақмаңдайлым» атты республикалық әншілер конкурсына тоқталды. Бүгін конкурстың ашылу рәсімі болады, ертең яғни 21 сәуір күні конкурстың ІІ кезеңі өткізіледі. Конкурсқа барлық өңірден 200 талапкердің ішінен 15-і іріктеліп алынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: