Жексенбі, 22 желтоқсан, 19:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев «Қазақстанның Халық әртісі» атағын қайта тағайындады

29.03.2023

613 0

VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйлеген мемлекет басшысы «Қазақстанның Халық әртісі» атағын қайта тағайындауды тапсырды.

«Қазақстанның Халық әртісі» атағын қалпына келтіру туралы шешім қабылдадым. Қазан айында Республика күні қарсаңында мәдениет қайраткерлерінің бірінші тобына бұл атақ беріледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мәдени даму саласында жан-жақты ойластырылған саясатты жүзеге асыруды маңызды мәселелер деп атады. Мемлекет басшысы осы саланы дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын айтты. Бұл құжат мәдениет саласын жан-жақты дамытуға, елдің мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталуы тиіс.

«Шығармашылық зиялы қауым бір мезгілде мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне жауап беретін танымал және сұранысқа ие контент құруы керек. Бұл жерде отандық креативті индустрияны жүйелі түрде қолдау өте маңызды. Жалпы алғанда, мен оның дәйекті түрде нығаюына сенімдімін. Адам капиталы жылдам өзгеріп жатқан әлемде еліміздің табысының кепілі болмақ. Ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыра отырып, біз әділетті мемлекет пен келісімді қоғам құрудың берік іргетасын қалаймыз», – деді Тоқаев.

Айта кетейік, Қазақстанның Халық әртiсі атағы – Музыка мен хореография, театр мен кино, эстрада мен цирк өнерін дамытуға айрықша үлес қосқан адамдарға беріледі. 1920 жылдары белгіленген «Қазақ АКСР халық әртісі» атағы алғаш 1923 – 1924 жылы А.В. Затаевич пен Н.П. Анненкова-Бернарға, ал 1931 жылы Е.Өмірзақов пен Ж.Шанинге берілді. 1991 жылдан «Қазақстанның Халық әртісі» деп аталды. 1999 ж. шілде айынан бастап бұл атақты беру тоқтатылды.

Соңғы рет 1999 жылы екі адам алған болатын. Олар: Есқалиева Нағима – қазақ эстрада әншісі, Қазақконцерттің солисі, Құлышева Қапаш – қазақ әншісі, «Гүлдер» ансамблінің солисі.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: