Сенбі, 20 сәуiр, 18:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Жастар театры руханият жаршысына айналды

02.07.2022

799 0

А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде қалалық жастар театры өздерінің жетінші маусымын қорытындылады. Маусымның жабылуына орай өнер ұжымы белгілі режиссер-сценарист, ҚР Мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмахановтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» атты трагифарс спектаклін сахналады.

Оған қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова, жазушы Сайлаубай Жұбатыров және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

Спектакльде Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының тағ­дыр тауқыметі мен өмірінің шиеленісті сәттері шебер сурет­теліп, көрерменді ерекше әсерге бөледі. Талантты жастар хакім Абайдың дара болмысын ашуға талпынды. Бір айта кетерлігі, көрермендердің басым бөлігі жастар болғаны көңіл қуантады. Бұл – жас жеткіншектердің рухани мұрамызға деген құрметінің артып, қызығушылығы жоғары екендігін аңғартса керек.

Жастар театры азғана уақыттың ішінде түрлі жанрдағы көптеген спектакльдер сахналап үлгерді. Осы уақыт ішінде өз көрермендерін қалыптастырып, өзіндік орны бар іргелі ұжымға айналып келеді.

– Бұл – күрделі қойылым. Абай бейнесін сомдау маған үлкен жауапкершілік жүктеді. Сол замандағы қазақы бол­мысты сезініп, ақын тағдырын көрерменге жеткілікті деңгейде ұсы­нуды мақсат тұттым. Ұлы ақынның рухына тағзым ете отырып, тұлға танымын ашуға тырыстым. Режиссер  – дра­матург шығармасына екінші өмір сыйлаушы. Бұл тұр­ғыда режиссер Оңталап Нұрмахановқа ризашылығымды жеткіземін. Шығарма шыңына жетіп орындалып жатса ол – жастар театры ұжымының арқасы. Алдағы маусымда көрер­менді жаңа қойылымдармен қауыштыру жоспарымыз бар, – дейді Абай бейнесін сомдаушы актер Мақсат Серіков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: