Сейсенбі, 07 мамыр, 01:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Әнші Алтынай Жорабаева қашан босанатынын айтты

28.11.2023

484 0

Алтынай Жорабаева қашан босанатынын айтты

Фото:kaz.nur.kz

Әнші Алтынай Жорабаева жақында бесінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтқан болатын. Өнер иесі әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, қашан босанатынын мәлім етті, деп жазады ernur.kz.

Әншінің айтуынша, ол әлі күнге сәбиінің жынысын білмейді. «Құдай ақы, кім екенін білмеймін. Бірінші УДЗ «Қыз сияқты» деді. Екіншісінде «Дұрыс көрінбей жатыр» деді. Сосын «Қоя салшы, жүдә керек емес. Білмей-ақ қойдым. Аман-есен, дені сау боп келсе болды» дедім. Бірақ бізде білгіштер көп қой. «Ұл сияқты» деп көп айтады», – деді Алтынай Жорабаева. Сонымен қатар әнші босанатын уақытын да көпшілікке бөлісті. «Құдай өмірімен берсін. Кім болса да, қаңтар айында білеміз», – деді әнші.

Айта кетейік, өнер иесі жақында аяғының ауыр екенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: