Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әзілкеш Максим Галкинге Қазақстанда концерт өткізуге тыйым салынды

31.08.2023

366 0

Танымал ресейлік әзілкеш, тележүргізуші Максим Галкин Қазақстанда концерт өткізе алмайтынын айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ресейлік әртіс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады. Видеода ол Қазақстанда өтетін концертке қатысты бірқатар қиындық туындағанын айтып, бұл жолы қазақстандық көрерменмен қауыша алмайтынын жеткізді.

“Қазақстан билігі менің Астана мен Алматы қалаларында концерт өткізуіме барынша кедергі жасап жатыр. Ұйымдастырушыларыммен бірнеше ай бойы кеш өткізу үшін барымызды салып жатырмыз. Бастапқыда бәрі керемет еді. Билеттер сатылып жатты. Кейін түрлі себептерді ойдан шығарып кедергі жасап, тыйым салды. Билеттерді сату тоқтатылды, кейін қайта сатылымға шықты. Менің концерт өткізуіме бөгет жасап жатқанына қарағанда Қазақстан билігі менен қорқатын сияқты. Дәл қазір мемлекеттік деңгейде кеш өткізуіме жасырын тыйым салынды”, – дейді Максим Галкин.

Дегенмен әзілкеш қазақстандық жанкүйерлерімен міндетті түрде кездесуге уәде берді. 

“Әлемде болып жатқан жағдайға қарамастан маған және менің отбасыма барынша қолдау білдіріп жатқан қазақстандық көрерменге алғыс білдіремін. Мен қалай да Қазақстанға барамын. Бірақ бұл жолы емес. Себебі билік менің концерт өткізуіме қарсы. Соған қарағанда Қазақстан билігі менен қауіптенетін сияқты”, – дейді ресейлік әзілкеш.

Айта кетейік, Максим Галкин Ресей Федерациясы әділет министрінің 2022 жылдың 16 қыркүйегіндегі шешімімен шетелдік агент болып танылған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: