Жұма, 22 қараша, 15:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Гүлнұр Мамасарипова өзін сынайтындарға үндеу жасады

17.07.2024

367 0

Сурет:stan.kz

Белгілі кинопродюсер, журналист Гүлнұр Мамасарипова өзін сынайтын әріптестеріне жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кино саласының маманы бәсекеге түскісі келмейтінін жасырмады. 

“Былай қарасаң елге шамалы ақыл-кеңес беретін жастамыз ғой. Ол жағын да жастарға тапсырып қоя салдық. Шынымды айтсам, қазір жарыс-парысты қойдым, күшім жетпейді. Бір кездері додаға түскім кеп тұратын. Дәлелдеп тастағым кеп… Сол кездерді сағынам кейде. «Сіз туралы бүйтіп айтты, Мамасарипова сияқты болмай-ақ қояйын, «Келінжан» боп кетпесін деп прикол ұстайды» деген әңгімелерді естимін. Дым әсер етпейді екен. Жай ғана «Келінжан» боп кете алмайтындарын білем ғой. Қазір тіпті Айланың атасымен ұрысуға ерінемін. Ретрит жасап кетпей тұрғанда “колхозный” «Келінжанымды» түсіріп жүре берейін. Ауылдан адам кеткенмен… Айтпақшы, осы жолы мен тәуекелге барғалы тұрмын…”, – деп жазды кинопродюсер. 

Айта кетейік, Гүлнұр Мамасарипова кинодан түскен табысты қайда жұмсайтынын айтқан еді. 

“Бәрі мені қырғын ақша тауып жатыр деп ойлайды ғой. Миллиард деп алғанның өзінде киноны түсіруге 150 млн теңге кетеді. Кинотеатр бірден 500 миллион теңгесін алып қалады. Ол – әлемдік тәжірибе. Актерлардың гонорары бөлек әңгіме”, – деген еді кино саласының маманы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: