Бейсенбі, 02 мамыр, 15:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Шәкірт жүрегіне жол тапқан

16.10.2023

342 0

Көркемсурет өнері бұл адамның ішкі ойын, жан толғанысын, қиялы мен арманын бейнелейді. Сурет салу ол адам­ның туабітті қабілеті арқылы білінеді. Мұғалім ғана баланың қабілетін, оның әр жанрда түрлі сурет салуды алып кете алатынын байқай алады. Тіпті сурет арқылы мамандар көркем сурет баланың психологиялық тұрғыдағы ойын да біледі. Осыны әрі қарай дамытып, өнерін шыңдау үшін, арнайы көркемсурет салуды үйрететін мұғалімдерге жүгінеді. Осындай балаларды өнерге баулып, олардың жетістікке жетуіне аянбай еңбек етіп келе жатқан мұғалім – Эльза Смағұлова. Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін 2007-2011 жылдар аралығында «Бейнелеу өнері және сызу»  мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2014 жылы М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық өнер мектебіндегі көркемсурет сыныбының мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.

– Қазақ бейнелеу өнері – ол көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика мен сән және қолданбалы өнер сала­ларын қамтиды. Осы салаларды үйре­ту үшін, оқушыларға 4 жыл бойы арнайы қосымша білім беруге ар­налған бағдарлама бойынша сабақ беремін. Оқушыларымды облыстық, республикалық және халық­аралық бай­қауларға қатыстырамын. Онда өздерінің салған көркем суретін және қол өнерін көрмеге апарады.

Одан бөлек  пленэр әдістегі сабақтар жүргізіледі. Бұл – табиғат аясындағы сурет салу сабағы. Осындай сабақтардың арқасында балалардың ойын, жандүниесі мен арманын білуге болады. Себебі олар  сурет салу арқылы өміріндегі өзгерістер мен жан толғанысын, қиялын  бейнелейді, – дейді Эльза Смағұлова.

Сондай-ақ оқушыларының  был­тырғы оқу жылында түрлі байқаулар нәтижесінде  облыстық байқаулардан 7 оқушы, республикалық байқаулардан 66 оқушы, халықаралық байқаулардан  46 оқушысының жоғары дәрежелі дип­ломдармен марапатталғанын жеткізді. Соны­мен қатар тобындағы  оқушылардың өнері мен ең үздіктерін фатады.

– Оқушылардың ішінде үздік деп танылған 2 оқушымның жұмыстарынан жеке көрмелері жасалды. Оның бірі –Арайлым Нұрмахаш, көркемсурет сыныбының 4-ші сынып оқушысы. Өте талантты, барлық жанр бойынша жұмыс істей алады, алға қойған мақсат армандары көп. Одан кейін Диляра Шыңғысхан есімді оқушым. Ол  3-ші сынып оқушысы. Алғашында оқуға түскенде сурет салудың қыр-сырын білмейтін. Себебі мүлдем бояумен салып көрмеген екен. Кейін осы өнер мектебіне келген соң сабаққа ден қойып,  сурет салуға деген қызығушылығы арта бастады. Оның  қиялы ұшқыр. Өзінің еңбекқорлығымен, талпынысымен екі жылдың ішінде түрлі жанрдағы сурет­терді сала бастады. Соның нәтижесінде көрмелер мен байқауға қатысып, жетістіктерге жетуде.

Қазіргі таңда осы екі оқушымның жұмыстары бойынша кескіндеме мен портрет және графика жанрында салынған 100-ге жуық суреті іріктеліп, олардың жеке көрмесі ұйымдастырылды. Өткізілген  көрме жоғары деңгейде болды. Көрмені тамашалауға мектебіміздің барлық мұғалімі мен ата-аналар және басқа да оқушылар  қатысып, жақсы пікірлерімен бөлісті, – дейді мұғалім.

Еңбек жолын осы осы өнер мектебінен бастаған Эльза  9 жылдың ішінде балаларға білім беріп ғана қоймай, олардың өнерін шыңдап, алға жетелеп байқауларға қатыстырып келеді. Әр оқушынысының жеткен жетістігіне қуанған мұғалім, берген білімін міндеті деп емес, мақсаты екенін жеткізді.

Н.СЕРІКБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: