Бейсенбі, 02 мамыр, 08:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Танымал актер Руслан Нұрман:»Ұрыс кезінде әйел аузын тыю керек»

14.11.2023

540 0

Сурет: фотоскрин

Танымал актер Руслан Нұрман отбасындағы ер мен әйелдің қарым-қатынасы туралы  «Менің өмірім» бағдарламасында бөлісті.

Оның айтуынша, әйел еркектен бір саты төмен тұрғаны жөн.

«Идеал әйел ұрыс кезінде аузын тыю және ер адамға бойұсынуы керек. Ер адамнан бір саты төмен тұрған әйелдің ештеңесі кетпейді. Ауылдық жерде «әйелді уыста ұстау керек» деген түсінік бар. Бұл менде де болған. Сосын таңдап алған адамымның еркелігін неге көтере алмаймын деп ойландым. Қазір олай ойламаймын», – деді актер.

Өнер иесі үйленген соң алғашқы жылдары жоқшылықты да, ұрысты да көргенін айтты.

«Бізде де ұрыс, жоқшылық болды. Үйленген жылы дүние алуға ақша болмайтын. Бір аяқ киімді жамап, жылдап киетін едік. Ұрысып, ажырасып кеткіміз келетін күндер көп болды. Бірақ соның бәріне төтеп бердік. Идеал отбасы болуға тырысып жатырмыз», – деді ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: