Жұма, 17 мамыр, 12:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Жұлдызай Дүйсенбиева:»Неге келін жаман болады?»

07.10.2023

700 0

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіде жазба жариялап, ене мен келін тақырыбын қозғады. Өнер иесі Instagram парақшасында қоғамдық мәселені талқыға салды.

«Қыз кезінде бәрі жақсы. Жаман келіншек қайдан шығады? Біз осы өз-өзімізден жаман боламыз ба? Күйеу мен қайын жұрт жақсы болса, енең жақсы болса, неге келін бір өзі жаман болады? Қызыңды еркелетіп, төрге отырғызып, мәпелеп өсіресің. Бір жігіт «Ғашықпын» деп алып кетеді. Сөйтіп босағасына отырғызып қояды. Қайын жұрттың ортасына түсесің. Басында араласасың, кейін арпалысасың. Осының бәрінің шешімі ұлдың анасында. Яғни, ене өзінің бір үйдің қызы болғанын естен шығармауы керек», – деп жазды актриса. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Жұлдызай Дүйсенбиева көпшілік арасында тараған қауесетке жауап беріп, көпшілікке күйеуін көрсеткен болатын.

Ақпарат көзі :kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: