Дүйсенбі, 25 қараша, 21:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Әжем мен үшін туған баласына теріс бата берген». Актер Шерхан Пірназар балалық шағын еске алды

31.01.2024

454 0

Танымал актер Шерхан Пірназар әріптесі Қайрат Әділгерейге берген сұхбатында балалық шағын еске алып, ел білмейтін құпиясын ашты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, ол кішкентайынан әжесінің баласы болған.

«Әжем мені кішкентай кезімде «әкеме ұқсайды» деп бауырына басқан. 15 немересінің ішінен маған ықыласы ауған. Мен де анама ауылға «әжемнің қолына барып тұрайын» деп көп сұранғанмын, бірақ анам мені жібермеді. Дегенмен әжем анама «баланы әр демалыс күндері ауылға жіберіп тұрасың» деп шарт қойған. Әкем отбасында 7 ағайынды, 1 ғана қыз бар, мен 8-ші болдым. Әжем мені жанынан тастамайтын, қайда барса да алып кететін. Әжемнің ең сүйікті келіні – анам, ал немересі – мен болдым», – дейді ол.

Алайда келіні мен енесінің арақатынасы ерекше болғанына қарамастан, ата-анасы өзара түсініспей, жолдары екіге айрылған.

«Тағдырдың жазғаны болар әкем мен анам екі жаққа кетті, сол кезде қатты бір жылағаным есімде, сонда әжем «менің баламды жетім қылдың» деп әкеме, яғни өзінің туған баласына теріс бата берген. Ата-анам ажырасқаннан кейін әкеммен жақында ғана көрістік, өмір бойы айтамын деп дайындағанымды бетіне қарап айта алмадым. Сонда әкем маған, әжемнің осы сөзінен кейін жолы болмай кеткенін айтты. Әжем 2010 жылы дүниеден өткенде мен мектепте 10 сынып оқитын едім. Есімде ағам мені сабақтан сұрап алып кетіп, ауылға алып барған, сөйтсем бәрі мені әжемнің табытын ұстап күтіп отыр екен. Сондағы әжемнің ең соңғы сөзі «Шерхан үйленсе, тойын өздерің өткізіңдер» болған. Аманатқа қиянат жасамай, 2018 жылы әкемнің туғандары тойды толығымен көтеріп беретінін жеткізді, мұнда мені бағып-қаққан нағашыларым қарсы шығып, екі жақ таласып қалды. Сонымен, құдалықты екі жақ та өткізіп, одан түскен ақшаға той өткіземіз деп шешті», – деді актер.

Актер анасы өзін өсіру үшін күн-түн демей жұмыс істеп, тіпті екінші рет тұрмыс құрмағанын да жеткізді.

«Анам мені ойлап, жетілдіріп, өсіру үшін екінші рет тұрмысқа шыққан жоқ. Пірназаровтар әулеті негізінен даланың жаман тірлігіне жақын болатын, нағашыларымның қолына келгенде «әкесіне ұқсаған» деген сөздер көп айтылды. Нағашыларымның қолында әжемнен көрген мейірім мен махаббатты сезіне алмадым, тіпті әлі күнге дейін көрмедім десем де болады. Анам ол кезде мейрамханада аспаз болып жұмыс жасап, 2002 жылы айына 2000-3000 мың теңге алатын. Тапқан табысының барлығын маған салып, сыныптастарымнан кем қылмай өсірді», – деп жан сырын ақтарды актер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: