Бейсенбі, 25 сәуiр, 19:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ақтауда ішінде адамдар болған лифті құлап кетті (видео)

27.09.2021

1036 0

Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде ішінде адамдары бар лифт шахтаға құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындардың айтуынша, оқиға 25 қыркүйек күні кешкі сағат 19:30-да «Aktau Plaza» тұрғын үй кешенінде болған. Ішінде адамдары бар лифт шахтаға құлап кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғындар бір-біріне көмектесіп, шахтадан шыққан.

Сонымен қатар тұрғындар бұл жағдай орын алғанда лифті ішінде кішкентай балалар мен жас аналар болғанын жеткізді. Олар лифтінің істен шығуы бірінші рет емес деп шағымданады. Құрылысты салған компания лифтінің дұрыс жұмыс істемей тұрғанынан хабардар. Бірақ соған қарамастан ешқандай шара қолданбай отыр.

Сондай-ақ жаңадан салынған үйге бір жыл бұрын тұрғындар қоныстана бастаған. Бірақ олар әлі күнге дейін пәтердің құжатын ала алмай отыр. Бұдан бөлек, тұрғын үй әлі күнге көгілдір отынға қосылмаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: