Бейсенбі, 25 сәуiр, 15:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қарағандыда зауыт өртеніп жатыр

22.09.2021

743 0

Аумағы 1000 шаршы метрді құрайтын қайта пайдаланатын шикізатты өңдеу кәсіпорнында алапат өрт шықты. Өртті Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері сөндіріп жатыр, сондай-ақ ҚТЖ өрт пойызы мен техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны көру үшін сілтемеге өтіңіз: https://www.instagram.com/p/CUFmjD-gbpo/?utm_source=ig_web_copy_link

Видеодан өрт Ecoindustry ЖШС кәсіпорнының аумағында басталғаны көрінеді. Бұл зауыт қайта пайдаланатын шикізатты өңдеу және қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысады.

«Шикізатты өңдеу зауытының аумағында бұрын қолданылған автокөлік доңғалақтарының тыстары жанып жатыр. Жалын шамамен 1000 шаршы метрді аумақты шарпыды. Ғимараттар мен тұрғын үй құрылысына қауіп жоқ»,- деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД мәліметінше, оқиға орнына 12 дана техника, соның ішінде сыйымдылығы 30 тонна автоцистерна, ТЖ департаменті жеке құрамының 45 адамы мен сыйымдылығы 100 тонна ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Спутник Жаңалықтары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: