Атырауда бір отбасындағы үш адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облысының полицейлері қос кісі өлтіру және өзін-өзі өлтіру фактілерін тергеп жатыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптыны өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Сондай-ақ марқұм ерлі-зайыптының ұлының мәйіті де табылды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 25 жастағы жігіт 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейіннен өз өзіне қол салған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!