Жұма, 26 сәуiр, 07:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жыл басынан бері 18 өрт оқиғасы орын алған

09.02.2022

673 0

Жыл басталғалы бері облыс бойынша 18 өрт оқиғасы тіркелген. Тілсіз жаудан 1 адам көз жұмды. Шығын көлемі 2 350 000 теңге болды. Өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары туралы бүгінгі өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бауыржан Ізбасаров мәлімдеді.

Жалпы, 2021–2022 жылдардағы жылу беру маусымында облыс көлеміндегі тұрғын секторларда 119 өрт оқиғасы орын алды. Өрт оқиғасынан 3 адам жарақат алған. 5 адам қаза болған.

Сонымен қатар, осы жылы көмірқышқыл газынан улану бойынша 1 факті тіркелген.

«Көмірқышқыл газынан улану көптеген жағдайларда тұрғындардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан пайда болып жатады. 2021-2022 жылғы жылу беру маусымында 51 405 тұрғын үй секторы араланып, өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді. Тұрғындармен кездесіп, соның ішінде электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану туралы өрт қауіпсіздігі бойынша насихат жұмыстары жүргізілді», – деді Бауыржан Ізбасаров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: