Дүйсенбі, 17 маусым, 16:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Аман жүр ма екен ауылдағы анам?

17.11.2022

1095 0

Жастар орталығында №19 кітапхананың ұйымдастыруымен жас дарын, «Сыр Үміті» сыйлығының иегері, облыстық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері, «Ұстаз мәртебесі», «Әлімсақ» газет-журналдарының жауапты хатшысы, жергілікті ақын Айдар Сайлауовтың «Аман жүр ма екен ауылдағы анам?!» атты шығармашылық кеші өтті.

Рухани шараға Қорқыт ата университетінің студенттері Бексұлтан Бағдатұлы, Зейнеп Амангелді, Күмісбек Айжарықов, Расул Базарханұлы, Жақсылық Ақбілек, Өтепберген Нұркелді, Тілеген Гүлназ, Нұрлыбекқызы Ақмаржан, Жасұланова Нұрайым, Марат Нәбиден, Нұртуған Жаңабай, Ешмұратов Бекзат, Әли Асқар, Ақниет Тулеп ақын шығармашылығынан құралған моноспектакль қойылым көрсетті. Сондай-ақ ақын өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер шырқалды. Лэд экранда ақынның өнегелі өмір жолы мен шығармашылығынан қысқаша бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар кеш қонағы өз шығармаларын мәнерлеп оқып, өлеңдерінің тарихынан қысқаша сыр шертті.

Жамбыл Бақытәлі ақынға арнау өлең айтып, Нұртуған Жаңабай, Күмісбек Айжарықов, Ақтөбе қаласынан арнайы келген Ақтілеу Көшербай ақынның сөзіне жазылған әндерін шырқады. Кештің қонағы болып келген ақынның ата-анасы мен әрі әріптесі, әрі ұстазы Нұрлан Көбегенұлы, Мөлдір Айтбай өз жүрек жарды лебіздерін білдірді.

Шара соңында қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлмира Рахметова қортынды сөз сөйлеп, ақынға сый-сияпат көрсетті. «Ең ұлы ақын – жас ақын» дейді Ұлықбек Есдәулет. Қазақ поэзиясына өлең-жырдан олжа салып жүрген Сырдың бойынан шыққан талантты ақындар өте көп. Солардың бірі де бірегейі Айдар Сайлауов. Адамзаттың иесі – Алла, киесі – поэзия деген тәмсіл бар. Иемізге де, киемізге де адал болайық, – деген тұжырыммен шығармашылық кеші қорытындыланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: