Сенбі, 20 сәуiр, 17:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

«Ана – өмір шуағы» тақырыбында әйел-аналармен кездесу өтті

08.03.2023

771 0

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әйел-аналармен кездесіп, емен-жарқын пікірлесті. Жаңадан «Алтын алқа» иегері атанған аналарды марапаттады.

Құттықтау сөзінде аймақ басшысы отбасындағы, қоғамдағы әйел-анаға жүктелген міндеттердің маңыздылығын атап өтті.

«Барша қазақтың ортақ мақтанышы, сұлулық пен ерліктің символына айналған Тұмар ханым, Ақжүніс, Қыз Жібектің, ел басына іс түскен қиын кезеңде басын оққа байлаған Әлия, Мәншүк, Хиуаз ұлт батырларының есімдері тарих парақтарына алтын әріптермен жазылды. Несібесін жерден теріп, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен жерлестеріміз Сәлима Жұмабекова, Шырынкүл Қазанбаева, Ұлбала Алтайбаева, Жадыра Таспамбетова секілді апаларымыздың, ұлт руханиятын, мәдениетін, өнерін асқақтатқан Роза Бағланова, Сәбира Майқанова, Мәдина Ералиева сынды майталман тұлғаларымыздың Сырдың шежірелі тарихындағы орны ерекше. Аймақтың дамуына ерекше атсалысқан жандарды, оның ішінде әйел-аналарымызды қалай құрметтесек те жарасады», – деді Н.Нәлібаев.

Айта кетейік, күні кеше облыс әкімі мереке қарсаңында ұлағатты ұстаз, Қызылорда облысының құрметті азаматы Алма Ақдәулетованы Халықаралық әйелдер күнімен және 90 жас мерейтойымен құттықтады. Ана мен бала орталығындағы дүниеге сәби әкелген  аналарды, ақ халатты абзал жандарды мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.

Жиында «Алтын алқа» иегері, тыл ардагері, 10 бала тәрбиелеп, 28 немере, 26 шөберенің қызығын көріп отырған Батыр ана Раш Искакова жерлестерін құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері Алмагүл Божановамерекелік тілегін арнады, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Қарлығаш Айтжанова ана туралы монолог оқыды.

Кездесу соңында Нұрлыбек Машбекұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен «Алтын алқа» алған аналарға марапаттарын табыстады.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: