Жұма, 29 наурыз, 16:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Ардагерлерге құрмет көрсетті

09.05.2023

738 0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен қала әкімі Асылбек Шаменов кешегі сұрапыл кезеңнің көзі тірі куәгерлері Төлеген Жүнісов пен Әбдірахман Бәйтіковтің шаңырағына барып, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың мерекелік құттықтауын жеткізді.

«Уақыт алға жылжыған сайын бұл қастерлі күннің шоқтығы биіктеп, қадір – қасиеті, бағасы артып, тағылым – тәрбиесі мен мән – мағынасы тереңдей түсетіні анық.

Осы орайда, азаматтық арды ту етіп, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен Сіздерге әрдайым қамқорлық жасау, ардақтау біздің перзенттік парызымыз» деген облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен қала әкімі Асылбек Шаменов қос ардагерге шапан жауып, лайықты сый-құрмет жасады. Майдангер қарттар өз кезегінде батасын беріп, бейбіт күніміз, берекелі тыныштығымыз мәңгі болсын деген тілегін айтты.

Қызылордалық Төлеген Жүнісов 1942 жылы қызыл әскер қатарына қабылданып, кіші командирлер курсын үздік тәмамдаған соң, сержант шенімен Украина майданына аттанған. Сол сұрапыл кезеңде 688-ші атқыштар полкінде болып, көптеген тағдыр шешті ұрыстарға қатысқан. Оқ пен оттың арасынан аман келіп, елдегі еңбек майданына араласуы ардагердің азаматтық тұлғасын биіктете түсері ақиқат.

Ал Әбдірахман Бәйтіков 1942 жылы Ашхабад қаласындағы командирлер курсын аяқтамастан майдан шебіне жетеді. Елім, жерім деген жас жауынгердің ойында тек қана фашизмді өз жерінде тұншықтыру мақсаты тұрды. Алайда, Курск доғасында ауыр жараланып, туған жерге оралуға мәжбүр болады.

Әрдайым қазақ деген қайсар халықтың ұрпағы екенін дәлелдеп, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ардагерлерімізге қашанда ізет-ілтипатымыз, құрметіміз шексіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: