Жексенбі, 05 мамыр, 05:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ауызсу ішуге жарай ма?

05.11.2022

934 0

Қолда бар деректерге сүйенсек, Сыр өңіріндегі тұрғындар 99,9 пайыз ауыз­су жүйесіне қосылған. Оның 97,8 пайызы орталық­тандырылған су жүйесі­не қосылғанын атап өткен жөн. Ал 2,1 пайызы орталықтан­дырыл­маған су жүйе­сіне қосыл­ған. Бізде ауызсуды та­сымалды түрде қол­данатындар да бар.  Олардың үле­сі 0,1 пайызды құ­райды. Негізінен жер­асты су көздері пай­­даланылуда.

Облыстық сани­тарлық-эпидемиоло­гия­лық бақылау депар­таменті берген мәлімет бойынша аталған меке­менің бақылауында 205 сумен жабдықтау ны­са­ны бар. Оның 171-і орта­лықтандырылған жүйе­лер­дің су құбырлары болса, 34-і  орталықтандырылмаған сумен жабдықтау нысаны екен. Халық тұтынатын су болған соң бұл нысандар үнемі тексеріледі.

– Биылғы 9 айда 139 орталықтан­дырылған  сумен жабдықтау нысаны ерекше тәртіп бойынша тексерілді. Микробиологиялық көрсеткіштер бойын­ша 621 су сынамасы алынып, 103 сәй­кессіздік анықталды. Талаптарға сай кел­мейтін су сынамалары Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған аудандарынан анықталды. Тіркелген сәйкессіздіктердің үлес салмағы 16,5 пайызды құрады, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау де­партаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Ауыз судың санитарлық-химиялық көрсет­кіштеріне 567 сынама алынып, 63 сәйкессіздік анықталған. Сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы 11 пайызды құрады. Сәйкессіздіктер табылған су сынамалары Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі аудандарынан және Қызылорда қаласынан болып отыр. Мамандар санитарлық-химиялық талап бойынша сәйкес­сіздік көбіне сульфаттар, құрғақ қалдық, хлоридтер, кермектілік жөніндегі көрсет­кіштердің нормадан жоғары болуына қатысты анықталғанын айтады.

– Анықталған кемшіліктер және ерекше тәртіп бойынша тексерулер қорытындысы бойынша 1 715 280 теңге көлемінде барлығы 24 айыппұл салынып, өндірілді. Сәйкесінше 8 санитарлық нұсқама берілді. Облыс көлеміндегі барлық 171 орталықтандырылған  сумен жаб­дықтау нысаны  жуылып, толық тазаланып, дезинфекцияланды.  Талапқа сай болмай шыққан объектілерден қайтадан ауызсу сынамалары алынып, сәйкессіздік анықталмады. Халық арасында су факторына байланысты аурушаңдық  тіркелген  жоқ, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Шолпан Байманова.

А.АҚЫЛБЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: