Дүйсенбі, 07 қазан, 00:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Бәйтеректіктер сапалы ауыз сумен қамтылады

12.01.2023

789 0

Мемлекеттік бағдарламалардың игілігі – «Нұрлы жер» бағдарламасымен Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №2-ші шағын ауданына 10 көпқабатты тұрғын үйдің іргетасы қаланды (ОБ 3,1 млрд. тг). Аталған тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтуға бюджеттен 1,2 млрд. теңге қаралды. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұған қоса, жеке инвесторлар есебінен 9,9 млрд. теңгеге 509 пәтерлі 18 үйдің құрылысы жүргізілуде.
Ауқымды жобаның бірі – «Бәйтерек» тұрғын ауданындағы тұрғын сектордың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы. Оның ішінде «ұңғымалар бұрғылаумен су жинағыш құрылысын салу» жобасы.
Республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд 195 млн теңгеге қуаттылығы 7200 текше метр болатын 7 дана ұңғыма, 3 дана резервуардың құрылысы жүруде. Біз осы жобаны жүзеге асыру арқылы «Бәйтерек» және қосымша Шанхай, КБИ тұрғын аудандарында орналасқан жеке тұрғын үйлерді тұрақты қысымды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: