Сенбі, 27 сәуiр, 06:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Белкөлде жасалған

24.11.2022

466 0

«ВЕГА-Пром» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру цехы 2015 жылы пайдалануға берілген. Мұнда құрғақ құрылыс қоспасының 11 түрі шығарылады. Соның ішінде кафель желімі, желім «R 12 PLUS», «Тамшы» және «Ақ тамшы» сәндік сылақ, «Вега-пром» құйылмалы едені, «2в1» және «G12PLUS» гипс жабыны, «BELKOL» гипс сылағы бар. Өндіріс орнының жұмысы жайында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы баяндады.  

Өз бизнесін ашу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы пайдаланып, қазіргі уақытта цехта күніне 70 тоннадан астам өнім өндіріледі. Алдағы уақытта өндірісін кеңейтіп, 50 адамға дейін жұмыспен қамтуды да жоспарлап отыр.

Осы заманның озық технологиясымен жарақтандырылған өндіріс орны нарыққа сапалы өнім шығарады. Өндіріс көлемі де ауқымды, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру жылына 8,6 мың тоннаны құрайды.

Өндірісте бұйымдарды дайындауға арналған «Белкөл 500», «Белкөл 1000» атты «ВЕГА-Пром» ЖШС-і өздері жасап шығарған өнертабыстарға патенттермен расталған өндіріс станоктары қолданылады. Бұл станоктар Қазақстан өнім өндірушілерінің арасында үлкен сұранысқа ие. 

Кәсіпорынның өнімдері Қызылорда облысынан бөлек Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарына да жеткізіліп, саудалануда.

Сонымен қатар, облыс төңірегінде тұрақты тапсырыс берушілер қатарында «НК Құрылыс», «Дәнекер», «СМП-Қызылорда», «Өмірзақ», «Иман», «Сәт-сервис», «Интегрострой», «Абусер», «SCS Инжиниринг», «Нұртехсервис», «Промстройсервис- Е» ЖШС-і және жергілікті базарлар мен құрылыс дүкендері бар.

Жоба бастамашысы өндіріс қуаттылығын 8,6 мың тоннадан 24 мың тоннаға (күніне 70 тоннаға жуық) ұлғайту мақсатында жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруды бастады.

Аталған жоба Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде кеңейту жұмыстарын жүргізуге 2,9 гектар жер телімі берілді. Цех ағымдағы жылдың 10 қарашада іске қосылды.

А.ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: