Жұма, 04 қазан, 08:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Биыл Қызылордада жылу беру маусымы ерте басталады

07.10.2021

1153 0

Қызылорда қаласындағы ауа-райының күрт суытуына байланысты биылғы жылы жылу беру маусымы ерте, яғни 10 қазанда басталмақ. Одан бөлек, Сол жағалау және Арай шағын ауданына жылу беру бүгін басталады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Жылу жүйелерінің басшысы Хасанғали Иманғалиев баяндады.

«Қызылорда қаласы бойынша сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты жылу беру маусымы ағымдағы жылдың 10 қазанынан бастап іске қосылады. Ал, жылу қазандықтары бөлек «Арай», «Ипподром», «Сырдария», «Астана» және «Сол жағалау» тұрғын аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу бүгіннен бастап толығымен беріледі», – деді Жылу жүйелерінің басшысы Хасанғали Айғалиұлы.

Одан бөлек, баспасөз жиынында бүгінде тұрғындардың жылу жүйесіне төлемеген  176 млн теңге қарызы бары да айтылды. Оның ішінде 28 млн теңгені мекемелер төлемеген. Олардан қаражатты өндіру мақсатында жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Қазіргі таңда, көпқабатты тұрғын үйлердегі ақауларды ретке келтіру, өжіре ішіндегі жылу құбырлары мен қондырғыларға ревизия жасау жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен мамандармен жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде проблемалық 20 көп қабатты тұрғын үйлер анықталған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Елмұрат Рахматуллаев айтты. Ендігі кезекте тұрғын үйлерден анықталған ақауларды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, толықтай жылумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: