Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дәстүрлі дода өз мәресіне жетті

19.03.2023

824 0

Сыр елінің бас қаласында халық балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған қазақ күресінен 2003-2005 жылы туған жастар арасында 2 күнге созылған дәстүрлі республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен 11 команда, 300-ге жуық спортшы қатысқан бұл турнир ережесінде балуандар 9 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты.
Осылайша жарыстың бірінші күнінде 72, 78, 84, 90, 100, +100 салмақ дәрежелері бойынша және екінші күнінде 55, 60, 66 кг салмақ дәрежелері бойынша балуандар белдесіп, өзара жеңімпаздарын анықтады.

Жалпы командалық есеп бойынша:
4 алтын, 2 күміс, 6 қола медаль еншілеген Жамбыл облысының командасы І орынды жеңіп алса🏆, 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алған Қызылорда облысына 🥈ІІ орын бұйырды.
1 алтын, 1 күміс, 4 қоламен Түркістан облысы 🥉ІІІ орынға тұрақтады.

Жарыс жеңімпаздарына қала әкімінің дипломдары мен арнайы жасалған медальдар және қаржылай сыйақылар, сонымен қатар турнир қонақтарына естелік медальдар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: